logo

«Ордабасы» «Пюникпен» үйде болатын матчын Алматыда өткізеді

«Ордабасы» «Пюникпен» үйде болатын матчын Алматыда өткізеді

«Ордабасы» мен армениялық «Пюник» арасындағы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңі матчы Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шымкенттік клуб өздерінің екінші үй алаңы ретінде Алматыдағы стадионды таңдады.

Шымкенттегі Мұнайтпасов атындағы стадионның Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің талаптарына сай келмеуіне және УЕФА-ның төртінші санатының болмауына байланысты «Ордабасы» келесі еурокубоктық матчтарын өз алаңында өткізе алмайды.

Осындай жағдай 2012 жылы да болған, сол кезде шымкенттік команда еурокубоктардағы қарсыластарын Алматыда қабылдаған еді.

«Ордабасы» мен «Пюник» арасындағы матч 8 тамызда өтеді. Жауапты ойын 15 тамызда Ереванда өтеді.