logo

QJ League УЕФА Жасөспірімдер лигасында өз чемпиондарына қаржылай көмек көрсетеді

QJ League УЕФА Жасөспірімдер лигасында өз чемпиондарына қаржылай көмек көрсетеді

QJ League УЕФА Жасөспірімдер лигасында өз чемпиондарын қаржылай қолдау жөніндегі бағдарламаның пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan лиганың баспасөз-қызыметіне сілтеме жасап.

УЕФА Жасөспірімдер лигасы - Чемпиондар лигасына қатысушы клубтардың тәрбиеленушілері, сондай-ақ ұлттық жасөспірімдер чемпионаттарының U18 жас санатындағы жеңімпаздары қатысатын халықаралық турнир. Freedom QJ League чемпионы еліміздің намысын қорғайтын болады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, бірінші раунд алдында УЕФА Жасөспірімдер лигасына қатысушы клуб Freedom QJ League-дан 12.5 миллион теңге алады, ол турнир аясында келесі қажеттіліктерге жұмсай алады:
1) Логистика және қонақта өтетін матчтарда қонақ үйлерде тұру сапасын жақсарту.
2) Үйдегі матчтарын өткізілуін ұйымдастыру.
3) Команда персоналына уәждемелік төлемдер.

Осындай сома жарыстың әрбір келесі раундына өткені үшін төленеді. Барлығы сегіз раунд болуы мүмкін: осылайша клуб 100 миллион теңгеге дейін табыс таба алады.

УЕФА қазірдің өзінде клубтарға әуе қатынасы мен тұру шығындарының бір бөлігін өтеп жатқанына қарамастан, бұл төлемдердің мөлшері тұрақты болып табылады және іс жүзіндегі шығындарды толық өтеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан турнирге қатысушылар көбінесе қаражатты үнемдеуге мәжбүр болады. Бұдан басқа, өтемақы үй өтетін ойындарын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды жаба алмайды.

Сондықтан Freedom QJ League бастамасы ел чемпионына футболға толық көңіл бөлуге, ойыншылар мен жаттықтырушылар штабы үшін сырт алаңда өтетін матчтарды жоспарлауда ең жақсы жағдайларды таңдауға, сондай-ақ жанкүйерлер үшін тартымды маркетингтік белсенділікті ұйымдастыруға көмектеседі. Табысты өнер көрсетсе, команда лайықты сыйақы ала алады.

Егер Лига ұсынған қаражат УЕФА-дан өтемақымен бірге турнирге қатысу шығындарын толық жабатын болса, клуб өз қаражатын едәуір үнемдей алады, сол арқылы іс жүзінде: шығыстардың босаған баптарының есебінен де, үйде өтетін матчтарына билеттерді сатудан түскен кірістер есебінен де табыс таба алады.

2023 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Freedom QJ League және Қазақстан U18 чемпионы алматылық «Қайрат» атанды. УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші раундының жеребесі 3 қыркүйекте Швейцарияның Ньон қаласында өтеді, үйде және сырт алаңдағы ойындар сәйкесінше 18 қыркүйекте және 2 қазанда өтеді.



Күн шежіресі