logo

«Ахмат» Магомед Адиевпен келісімшартты ұзартуға мүдделі

«Ахмат» Магомед Адиевпен келісімшартты ұзартуға мүдделі

«Ахмат» Магомед Адиевпен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін жұма күні Адиев отбасылық жағдайларға байланысты Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. 46 жастағы маман ұлттық құрама мен «Ахмат» клубындағы жұмысын 5 сәуірден бастап бірге атқарған еді. Оның ресейлік клубпен келісімшарты 1 маусымға дейін есептелген.

— Магомед Адиевтің құрамадан кетуі оның «Ахматты» таңдағанын білдіре ме?

— Жақын арада бәрін жария етеміз. Біз процесте тұрмыз, кейбір ресми мәселелерді реттеу ғана қалды.

— Оны бас бапкер ретінде қалдырғыңыз келе ме?

— Әрине, қызығушылық бар, — деді Айдамиров «Матч ТВ» арнасына.

«Ахмат» 2023/24 маусымының қорытындысы бойынша Ресей чемпионатында 10-орынға ие болды. Адиевтің Қазақстан құрамасымен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін болатын. Алайда бүгін, 31 мамырда, ҚФФ Адиевтің Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады.



Күн шежіресі