«Ахмат» басшылығы Магомед Адиевтің болашағы туралы пікір білдірді
«Ахмат» клубының бас директоры Ахмед Айдамиров бас бапкер Магомед Адиевтің болашағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сәуір айынан бастап Адиев «Ахмат» клубындағы қызметін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкерлігімен қатар атқарып келеді.
«Адиевтің болашағы? Қазақстан футбол федерациясымен барлық мәселелер шешілген соң, бәрін жариялаймыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жалғасуда», — деді Айдамиров «СЭ» басылымына.
Адиевтің жетекшілігімен «Ахмат» турнир кестесінде оныншы орын алып, Ресей премьер-лигасындағы (РПЛ) орнын сақтап қалды.
Маусым айында Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді: 7 маусымда Ереванда Армениямен ойнайды, ал 11 маусымда Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзірбайжанмен кездеседі.