Магомед Адиев Қазақстан құрамасындағы болашағы туралы жаңа мәлімдеме жасады
«Ахмат» және Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің клубтағы және ұлттық құрамадағы болашағы жақын арада анықтынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Әзірге ешқандай шешім жоқ. Бірақ Қазақстан футбол федерациясының клубпен келіссөздері жүріп жатыр. Мен бапкер ретінде алдыма қойылған міндеттерді орындаймын. Қызметімді жалғастыруға дайынмын ба? Жақын арада барлығы айқын болады деп ойлаймын»
Бұған дейін Адиев грозныйлық клубпен келісімшартты ұзарту мәселелері Қазақстан құрамасындағы жұмысына байланысты екенін айтқан болатын. 46 жастағы маманның «Ахмат» клубымен келісімшарты 1 маусымға дейін, ал Қазақстан ұлттық құрамасымен 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.