Жалғас Жұмағұлов Рахмонов - Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Sport+ сайтына берген сұхбатында UFC-дегі Шавкат Рахмонов пен Иэн Машадо Гарри арасындағы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
«Шавкат барлық жағынан қарсыласынан жоғары. Бірақ мен ММА-ны болжау мүмкін емес спорт деп бірнеше рет айттым. Шавкат бүкіл жекпе-жекті өткізіп, күтпеген соққыны өткізіп жіберуі мүмкін. Ал Гарри мұндай соққыларды жасай алады: оның оң қолы қауіпті. Ал Шавкатта қарсыластардың оң қолын көрмейтіні бар. Сол себепті Гэрридің бұл соққысын жіберіп алмау үшін сәл абай болу керек. Жалпы Рахмонов соққыдан да, күресте де, төзімділік тұрғысынан да қарсыласынан басым. Мен Шавкатты фаворит ретінде көремін, ол тіпті мерзімінен бұрын жеңеді деп ойлаймын», — деді Жұмағұлов.
Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов — Гэрри жекпе-жегі желтоқсан айының 7-нен 8-не қараған түні өтеді.