Халықаралық асық ату федерациясы ашылды
Аталған ұйым 12 наурызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
ҚР Асық ату федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықаралық федерацияның президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.
Жаңадан құрылған федерацияға Қазақстаннан басқа, Түркия, Румыния, Моңғолия, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Қытай, Испания және Саха республикасы (Ресей) мүшелікке өтініш берді. Алдағы уақытта ұйымға мүше елдер саны арта түсетіні сөзсіз.
Федерация алдына Дүниежүзілік Этноспорт қауымдастығына ену, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізу және осы ойын аясында тұңғыш рет әлем чемпионатын өткізу секілді мақсаттар қойып отыр.