Асхат Балтабеков: Маусымда ел кубогы үшін таласуға тырысамыз
«Жетісу» командасның капитаны Асхат Балтабеков Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында команданың ойынындағы өзгерістер, сондай-ақ маусымға арналған мақсаттар туралы айтты.
- Біз агрессивті футбол ойнай бастадық, шабуылдаушы ойын стиліне бет бұрдық, қысқа және орташа паспен көбірек ойнауға тырысамыз. Бірақ мен барлық құпияларды ашпаймын. Біз дайындық кезеңіндеміз, чемпионатта жанкүйерлер біздің ойынды көріп, баға береді. Осы маусымның мақсаттары жоғары, алғашқы бестікке бәсеке көрсетеміз, Кубок үшін таласуға тырысамыз. Ол үшін жиындарда көп жұмыс атқарылды. Жалпы өте қызықты маусым күтілуде, - деді талдықорғандық команданың көшбасшысы.