logo

Дінмұхаммед Қараман: Турнир кестесінде жоғары болуды мақсат қойып тұрмыз

Дінмұхаммед Қараман: Турнир кестесінде жоғары болуды мақсат қойып тұрмыз

Талдықорғандық «Жетісудің» жаңа жартылай қорғаушысы Дінмұхаммед Қараман Sport Plus Qazaqstan арнасының арнайы шығарылымына берген сұқбатында команданың дайындығы туралы пікір бөлісті.

«Жетісудің» жаңа ойыншысы Қараман команданың бразилиялық ойыншыларына аудармашы ретінде көмек туралы сұраққа жауап берді.

- Брага мен Чарльстон көбінесе алаңда әр түрлі заттарды түсіндіруді сұрайды. Брага ағылшынша білмейді, тек қана португалша сөйлейді. Ол әсіресе прессингке барған кезде, допты ұстаған кезде сұрақтар қояды. Мен көмектесем, жауап беруге тырысамын. Иә, «Оле Бразилде» біздер үлкен тәжірибе жинадық. Бразилияда 26 қазақ болып 3 жыл жаттықтық. Қазір ол футболшылардың көбі мансабын аяқтап, кейбіреулері аудармашы болды, ал кейбіреулері өмірде басқа мамандық таңдады. Бірақ шетелде алған біліміміз пайдалы болды.

Дінмұхаммед «Жетісудің» маусымға қойылған мақсаттары туралы да бір ауыз сөз пікір білдірді.

- Турнир кестесінде жоғары болуды мақсат қойып тұрмыз. Жақсы футбол көрсетіп, жанкүйерлерді қуантуымыз қажет. Біздің жанкүйерлер бізге сенім артады, олардың үмітін ақтау біз үшін парыз, - деді 23-жасар ойыншы.