Нұрлан Даиров: Командаға 2-3 жаңа футболшының қосылғанын күтіп отырмыз
Талдықорғандық «Жетісудің» қорғаушысы Нұрлан Даиров Sport Plus Qazaqstan арнасының арнайы шығарылымына берген сұқбатында команданың дайындығы туралы пікір бөлісті.
- Дайындықтың басында біздер екі апта дене даярлығына бағытталған жаттығуларға көңіл бөлдік. Бақылау матчтарын кейін өткізе бастадық. Жалпы бес ойын ойнадық. Дайындық жаман емес. Енді командаға 2-3 футболшының қосылғанын күтіп отырмыз. Содан кейін маусым басталады. Жалпы чемпионатқа функционалды тұрғыда дайынбыз деген ойдамын, - деді 28-жасар қорғаушы.