«Астана» пенальти сериясында «Оқжетпесті» жеңіп, Қазақстан кубогының ширек финалына шықты
 
                                            Көкшетауда 2025 жылғы Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы «Оқжетпес» пен «Астана» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Алияр Мұхамедтің голына қонақтар Рамазан Кәрімовтың дәл соққысымен жауап берді.
Пенальти сериясында Григорий Бабаянның командасы 8:7 есебімен басым түсті.
Ширек финалда астаналықтар «Жеңіс» — «Ақтөбе» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
 
    