«Астана» ойыншылары Гвинея және Литва құрамаларына шақырту алды
«Астана» клубының ойыншылары Усман Камара мен Кипрас Казуколовас тиісінше Гвинея және Литва құрамаларының матчтарына қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Гвинея құрамасы 2026 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу аясында Алжир (7 маусым) және Мозамбикпен (11 маусым) кездеседі. Литвалықтар Балтық Кубогында Латвия құрамасымен (8 маусым) бақ сынасады.
Биылғы маусымда «Астана» клубының 25 жасар жартылай қорғаушысы Усман Камара 12 ойын өткізсе, 23 жасар қорғаушы Кипрас Казуколовас 8 ойынға қатысты.