logo

Белгілі менеджер қазақстандық клубқа қайта оралды

Белгілі менеджер қазақстандық клубқа қайта оралды

«Астананың» бұрынғы атқарушы директоры Қайсар Бекенов елордалық клуб құрылымына қайта оралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan елордалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 жылдан бастап Бекенов клуб құрылымында қаржы директоры, клуб президенті және бас менеджер лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылы функционер «Астанадан» кетті. Елордалық клубқа дейін ол Қазақстан футбол федерациясында түрлі лауазымдарда еңбек етті.

«Астанада» Бекенов маркетинг пен қоғаммен байланыс бағытына жауапты болады.