Михаил Гурманның «Астана» футбол клубындағы рөлі белгілі болды
Михаил Гурман «Астана» футбол клубының директорлар кеңесіне кірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гурман клубтың спорттық қызметін қадағалайды.
Футболшы ретінде Қызылорда «Орбита», «Қайрат», павлодарлық «Трактор», қарағандылық «Шахтер» және талдықорғандық «Жетісу» намысын қорғады, G100-қазақстандық сұрмергендер клубының құрамына кіреді.
Футбол менеджері ретінде Кәсіпқой футбол лигасының директоры болып жұмыс істеді, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.
«Астана» футбол клубында Михаил Гурман 2019-2021 жылдар аралығында жұмыс істеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорданың бұрынғы атқарушы директоры Қайсар Бекенов клубқа оралғаны белгілі болды, ол маркетинг пен қоғаммен байланысқа жауапты болады.