logo

«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды (видео)

«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды (видео)

Алматылық Орталық стадионында өткен ойында «Астана» УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында норвегиялық «Бранн» командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші кездесу 2:0 есебімен аяқталған болатын. Қарымта ойында турнирдің топтық кезеңіне өті үшін елордалық ұжымға үш гол соғу керек болды. 

Екінші таймда алдымен «Астананың» шабулшысы Джеффри Чинеду екі гол соқса, кездесуге қосылған қосымша уақытта Рамазан Кәрімов қорғаушылардың қателігін пайдаланып, елордалық ұжымға топтық кезеңде ойнау мүмкіндігін сыйлады. Қорытынды есеп - 3:0.

Осылайша қазақстандық бапкер Григорий Бабаян жаттықтыратын «Астана» қазақстандық клубтардың ішінде еурокубоктардың топтық кезеңіне өткен жалғыз клуб атанды.



Күн шежіресі