Роналду Еуропа чемпионатында не үшін жылағанын айтты
Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду футболдан Еуропа чемпионатында не үшін көзіне жас алғанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Криштиану Роналду Еуро-2024 додасының 1/8 финалында Cловенияға қарсы ойында пенальтиден гол соға алмаған соң көз жасына ерік берген еді.
«Егер сен айналысатын ісіңді сүйсең, өз сезімдеріңе алаңдамасаң да болады. Мысалы мен сол күні пенальтиден гол сала алмай жыладым. Бірақ менің кесірімнен Португалия құрамасы жарыстан шығып қалатын болды деп жылаған жоқпын.
Соңғы 27 пенальти қатарынан мергендік танытып, кейін бір пенальтиден мүлт кеткенде өзіңді жаман сезінесің. Алаңға келген балаларыңды, анаңды, сүйіктіңді ойлайсың. Мен осы үшін жыладым.
Пенальти тебе алмаған соң Португалия құрамасы мені кінәлайды деп уайымдадым деп ойлайсыздар ма? Мен тіпті ол туралы ойлаған да жоқпын.
Пенальтиден гол сала алмаған кезімде мен өзімді, жанкүйерлерімді, отбасымды аядым. Бірақ мәселе жұрт не дейтінінде емес», - деді Роналду YouTube желісіндегі ресми арнасында жарияланған сұқбатта.