logo

Армандар орындалады: «Астана» футбол клубы қазақстандық блогермен келісімшарт жасасты

Армандар орындалады: «Астана» футбол клубы қазақстандық блогермен келісімшарт жасасты

Әуесқой футболшы және блогер Әлішер Келгенбай «Астана» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еліміздегі ең танымал футбол блогері және медиа-ойыншы Әлішер Келгенбай «Астана» клубымен 6 айға келісімшарт жасасты. 28 жастағы ойыншы тұңғыш рет кәсіпқой футболда бақ сынамақ.

«Армандар орындалады! Жұғысты болсын», – деп жазды Әлішер Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетейік, Әлішер Келгенбай жақында футболдан әуесқойлар арасындағы AFL сup халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының сапында ойнап, чемпион атанған еді.



Күн шежіресі