«Астана» кезекті жеңіске қол жеткізді
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты екінші турының аясында «Астана» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» басым болды, деп хабаралайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталымыш кездесу өте тартысты өтті. Сауатты қорғана білген талқықорғандық ұжым екінші таймның ортасында есеп ашты, алайда Антон Шрамченко соққан гол саналмады.
Кездесудің 87-минутында Ян Вороговский айып алаңының сыртынан бағыттаған соққы нәтижелі болып шықты – елордалық ұжым алға шықты. Кейін пенальтиден есепті Эльхан Астанов еселеді. Қорытынды есеп – 0:2.