АПЛ мен Бундеслиганың бұрынғы ойыншысы Ақтөбеге келеді
Франциялық 28-жасар шабуылшы Лис Муссе «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Goal.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Аяқдопшы Бохум, Шеффилд, Гавр және Борнмут сынды клубтардың сапында ойнаған.
Спортшының есебінде АПЛ аясында 99 матч, 9 гол және 4 ассист. Өткен маусымды ол Бохум клубының құрамында өткізген.