logo

Свен-Йоран Эрикссон ағылшындық «Ливерпульдің» бас бапкері атанды

Свен-Йоран Эрикссон ағылшындық «Ливерпульдің» бас бапкері атанды

Ағылшындық «Ливерпуль» соңғы сатыдағы қатерлі ісік ауруы анықталған бапкер Свен-Йоран Эрикссонның соңғы тілектерінің бірін орындады, деп хабаплайды Sport Plus Qazaqstan.

Клуб жыл сайын қайырымдылық матчтарына аңыздарды жинайды. Бұл жолы тағы да «Аякс» ардагерлері шақырылды.

Қаңтарда 75-жасар швед маманы қатты аурып жүргенін мойындады. Дәрігерлер «Рома», «Лацио», «Манчестер Сити» клубтарының және Англия құрамасының бұрынғы бапкерінде соңғы сатыдағы қатерлі ісік ауруын анықтады. Ең жақсы деген жағдайда Эрикссон тағы бір жыл өмір сүреді деп болжалуда.

«Ливерпульдің» тізгінін ұстау – Эрикссонның көптен бергі арманы. Кем дегенде бір кешке болсада.

Эриксон – «Ливерпульдің» шынайы жанкүйері. Юрген Клопп оны білгенде, швед маманын бірден клубқа шақырды.

Свен-Йоран Sky Sports сайтына берген сұхбатында өзінің көптен бергі сезімдерімен бөлісті:

«Мен әрқашан «Ливерпульді» жаттықтыруды армандайтынмын. Әкем әлі күнге дейін клубты қолдайды, мен оларды әрдайым қолдадым. Иә – мен «Ливерпульді» жаттықтыруды армандадым, бірақ бұл ешқашан болмайды. Өкінішті, бірақ ештеңе жасай алмаймыз».

Свен-Йоран Эрикссон ағылшындық «Ливерпульдің» бас бапкері атанды

«Ливерпуль» реакциясы көпке ұзамады: Эрикссонның отбасымен байланысып, егер денсаулық мүмкіндік берсе, аңыздар матчында команданы басқаруды ұсынды. Юрген Клопп та бұл әрекетті қолдады - бір күнді команданы жаттықтыруға шақырды:

«Біз ешқашан кездескен емеспіз, бірақ бұл өте әсерлі жаңалық екені анық. Мен оның «Ливерпульге» деген таңданысы мен сүйіспеншілігі туралы, оның өмір бойы клубтың жанкүйері болғанын бірінші рет естідім. Аңыздар матчымен идея туралы естідім, бірақ бұл үшін жауап бермеймін, сондықтан мен мұнда ештеңе айта алмаймын.

Мен ұсына алатын жалғыз нәрсе: ол дәл осында келіп, кеңседе менің орнымда отыра алады және қаласа, күні бойы жұмысымды жасай алады. Бұл проблема емес. Біз оған осы керемет клубтың жылдар бойы қалай дамығанын осында көрсетеміз. Ол осында келіп, керемет сағаттар өткізе алатынына сенімдімін», - деді неміс бапкері.

Эрикссон қуанышын жасыра алмады:

«Жоқ-жоқ, мені бұл ойынды көруге шақырды, бірақ бұл өте жақсы болар еді, өйткені онда көптеген керемет футболшылар болады. Маған олардың бапкері атану ұсынылады ма? Мен мұны ешқашан естіген емеспін. Әрине, мен келісер едім».

Свен-Йоран Эрикссон ағылшындық «Ливерпульдің» бас бапкері атанды

Міне, Свен-Йорана арманы шындыққа айналды: ол «Ливерпульді» басқарды және матч алдында Клопппен кездесті.

«Аңыз, қандай аңыз!» - деп қуанды Юрген.



Күн шежіресі