Нұрғайни Бөрібаев аяғын сындырып алды
«Тобыл» мен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бөрібаев жарақат алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
21-жасар аяқдопшының аяғынан бесінші метатарсальды сынық анықталған. Бүрібаевтың қашан қалыпқа келетіні белгісіз.
Нұрғайни Шотландияға қарсы ойынға қатыса алмағаны және алдағы Венгриямен матчта ойнамайтыны белгілі. Оған қоса «Тобылдың» «Қызылжармен» ойынында бой көрсетпейді.