logo

Қазақстан ЕУРО іріктеу ойынында Арменияның тас-талқанын шығарды

Қазақстан ЕУРО іріктеу ойынында Арменияның тас-талқанын шығарды
17 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта Арменияға қарсы ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Талғардағы Ұлттық құрама базасында өткен кездесу 7:0 есебімен аяқталды. Біздің команда сапынан Тучина бір гол соқса, Рахатжан, Зекен және Цыганова дубль авторы атанды. 



Күн шежіресі