logo

Ангелина Лукас рейтингте көтерілді

Ангелина Лукас рейтингте көтерілді

Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, Boxrec.com сайтының рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Лукас Лопесті төрешілер шешімімен бірауыздан жеңіп, супер жеңіл салмақтағы IBO бос титулын иеленді. BoxRec рейтингісінде қазақстандық спортшы 12-орыннан 11-орынға көтерілді.

Биыл Ангелина Лукас алты жекпе-жек өткізді: оның үшеуін нокаутпен жеңді, үшеуін төрешінің шешімімен жеңді. Бұған дейін ол кіші WIBF және WBF әлем чемпионы белбеулерін де жеңіп алған.