Ақтаудағы турнирде Қазақстан боксшылары жеті алтын медаль алды
Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекқұлды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оның қорытындысы бойынша қазақ боксшылары жеті алтын медаль жеңіп алды.
Өз салмақ дәрежесінде Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Бекзат Алдамжаров (51 келі), Самат Жетібаев (54 келі), Жолдас Жеңісов (57 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Дәулет Төлемісов (80 келі) және Бекболат Әбдікерім (86 келі) чемпион болды.
Өзбекстан спортшылар төрт алты жүлдені қол жеткізді.