Жәнібек Әлімханұлы Михайловичпен жекпе-жек туралы: Оның тілі ұзын, сол себепті рингте қинадым
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Андрей Михайловичті жеңгеннен кейін өзінің Instagram-парақшасында жекпе-жек туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Дистанцияны ерте сезіп қойдық, соққыларды ерте жасадық. Ол баспасөз-маслихатында өзіне көп алып қойды, тілінің ұзындығы үшін қинағым келді. Негізі жекпе-жекті 6-7 раундта аяқтаймын деп жоспардап қойған едім, бірақ раунд біткеннен кейін шаршап, лоқсығанын көріп, содан кейін аямай ұрдым. Қинау деген осы. Оның соққылары сезілген жоқ. Мен өзімді чемпион сияқты ұстауға тырыстым. Екінші раундта, қатты соққылар алғаннан кейін, ол маған баспен кіре бастады. Басымен кеудемнен ұрып қойды, мен басын басқан кезде, төрешілер маған ескерту жасаудан шаршамады. Жалпы жекпе-жекті екінші раундтан кейін жасанды создым», — деді чемпион.
Жекпе-жек алдында өткен баспасөз-маслихатында Жаңа Зеландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын балағаттап, біршама ауыр сөздер айтқан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram