logo

Назым Қызайбай бесінші көлігіне ие болды

Назым Қызайбай бесінші көлігіне ие болды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға Алматы қаласының бокс федерациясы көлік мінгізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Салтанатты құттықтау рәсімінде Алматының боксшылар қауымы мен ардагерлер қатысты. Ал қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Дүйсенов Назым Қызайбайға Li-6 көлігін сыйға тартып, жеке бапкері Долкун Камековке ақшалай сыйақы табыстады.
 
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде сынға түсіп, қола жүлдегер атанған болатын. Елге оралған спортшыға Алматы облысынан пәтер мен ақшалай сыйақы табысталды. Ал Алматы қаласының әкімдігі боксшыға 1 бөлмелі пәтер мен көлік мінгізген болатын. Сондай-ақ, таяуда алматылық кәсіпкерлер боксшыға кезекті көлігін мінгізген еді. Боксшыға сыйланған көліктер саны беске жетіп отыр.

Таяуда ғана жаттығу залына оралған боксшы өзіне сыйланған көліктердің бір қатарын сатуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.



Күн шежіресі