logo

Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды: Мұхтархан Ділдәбеков

Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды: Мұхтархан Ділдәбеков

Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөніндегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қайтпас шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Таңертеңнен келіп өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтиын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін», - деді Мұхтархан Қабланбекұлы. 



Күн шежіресі