«Екі матч та өте қиын өтті, сырттағы ойын өте ауыр болды. Мен басынан бастап «Ордабасы» – сапалы ойыншылармен жақсы қарсылас екенін айтқанмын, олардың кейбіреулері Қазақстан құрамасында ойнайды. Бізге қарсы сапалы қарсылас тұрды, сондықтан мен чемпионат пен Кубокты жеңіп алған біздің жігіттерімізге қуаныштымын, енді олар өз жолдарын жалғастыруда. Олар арманға жету үшін көп еңбектену керек. Жұмысына адал болу керек, көп еңбек ету керек. Үміттенемін, бүгінгі ойынды көрген жанкүйерлерге ұнады. Ойында сәттер болды. Сондықтан біз қол жеткізген жетістігімізге қуаныштымыз. Біз өз жолымызды жалғастырамыз».
Шымкенттік «Ордабасы» молдовалық «Петрокубқа» 1:0 есебімен жеңіліп, УЕФА Чемпиондар лигасында жорығын аяқтады.