logo

Игорь Пластун: Қазақстан чемпионаты Болгария біріншілігінен мықты

Игорь Пластун: Қазақстан чемпионаты Болгария біріншілігінен мықты

«Ордабасы» командасының украиналық қорғаушысы Игорь Пластун Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойын, Шымкенттік клубқа көші және Қазақстан чемпионатының деңгейі туралы айтты.

– Игорь, сіздің ойыңызша неге Украина құрамасы Еуро-2024 турнирінде өз тобынан шыға алмады?

– Шындығында, бізге голдар жетіспеді. Бірінші матч бізді әлсіретті, Украина 3:0 есебімен жеңілді, бұл бізге жеткіліксіз болды. Қалған екі матчта да жақсы деңгейде ойнадық, Бельгиямен және Словакиямен. Сондықтан осындай форматта, үш команда шығатын жағдайда, біз төрт ұпаймен шығуымыз керек еді, бірақ шыға алмадық. Бүкіл Украина бұл сәтті қатты уайымдады. Бұл Әлем чемпионатының іріктеу циклі үшін сабақ болады деп үміттенемін. Әр матчта ойнау керек, оларды маңызды және маңызды емес деп бөлмеу керек. Әрине, Еуропа чемпионатында дәл осылай болды деп сенемін, бірақ бәрібір бұл сабақ. Болашаққа оң көзқараспен қарап, бұл нәтижеден сабақ алуымыз керек.

– Қазақстан чемпионатын Бельгия және Болгария чемпионаттарымен салыстырсақ, қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

– Бұл шынымен де терең сұрақ, оны ұзақ талқылауға болады, өйткені футбол туралы сағаттап және күндер бойы айтуға болады. Мен Бельгия чемпионатын Қазақстан және Болгария чемпионаттарымен тікелей салыстыра алмаймын, өйткені менің ойымша, Бельгия чемпионаты әлдеқайда жоғары деңгейде. Бұл тек футбол деңгейіне ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыруға, ондағы футбол философиясына да қатысты. Қазақстан мен Болгария, менің ойымша, ең алдымен Бельгия және Нидерланды сияқты елдерден үйренуі керек. Мен топ-5 ірі чемпионаттары туралы айтпаймын. Дегенмен, егер Болгария және Қазақстан чемпионаттарын салыстырсақ, менің ойымша, Қазақстанда командалардың орташа деңгейі жоғары. Ойыншылар сапалырақ. Егер, мысалы, «Лудогорецті» Қазақстан чемпионатына ауыстырса, онда қазақстандық командалар чемпионатты жеңу үшін олармен өте қиын болар еді, өйткені бұл мықты және дұрыс дамып келе жатқан команда. Жалпы, менің ойымша, Қазақстан чемпионаты мықтырақ.

Игорь Пластун: Қазақстан чемпионаты Болгария біріншілігінен мықты

– «Ордабасы» ұсынысын қабылғаннан бұрын көп ойландыңыз ба?

– Шындығында, мен көп ойланбадым. Бұған дейін мен «Ордабасы» командасын бақылап жүрдім, өйткені мұнда Макаренко мен Беседин ойнадауда, олар Украина ұлттық құрамасы мен жақсы командаларда тәжірибесі бар футболшылар. Сондықтан мен, әрине, «Ордабасы» мен басқа елдердегі украиналық футболшыларды бақылап отырдым. «Ордабасыдан» ұсыныс түскенде, көп ойланбадым. Бұл клубтың дұрыс дамып келе жатқанын, чемпион атанғанын және Чемпиондар лигасында ойнайтынан білдім.

– «Ордабасыға» ауысу туралы шешіміңізге команда құрамында Беседин мен Макаренко сияқты отандастарыңыздың болуы әсер етті ме?

– Жоқ, бұл басты фактор болмады. Әрқашан жанында көмектесетін адамдардың болғаны жағымды, әсіресе украиналықтар болса. Менің Бельгияда ұқсас тәжірибе болды, онда мен екі украиналықпен бірге ойнадым. Дегенімен бұл бейімделуді жеңілдетеді. Оларға мені жақсы қабылдағандары үшін алғыс айтқым келеді.

– Көптеген жанкүйерлер мен мамандар «Ордабасыдан» Чемпиондар лигасындағы жорығын сәтті бастайды деп күтті, бірақ сіз молдовалық «Петрокубпен» тең ойнадыңыз. Сіздің ойыңызша, жеңіске жету үшін не жетіспеді?

– Бізде бірінші таймда гол соғуға жақсы мүмкіндіктер болды, менде баспен гол соғу сәті және тағы басқа мүмкіндіктер болды. Жай ғана оларды жүзеге асыра алмадық. Қарсылас та қауіпті шабуылдар жасады, сондықтан 0:0 есебі шықты. Матч алдында 50/50 мүмкіндіктер болса, солай қалды. Көпшілік «Ордабасы» үлкен айырмашылықпен жеңеді деп күткен, бірақ бұл қазіргі чемпиондық командалардың мықты футболшылары бар екенін көрсетті. Олардың барлығының бір-бірімен байланысы бар, сондықтан оларға қарсы ойнау қиын. Олардың да бізбен ойнауы қиын болды деп үміттенемін. Бізде енді екінші текетірес бар және біз жеңіске жетеміз деп үміттенемін.

Игорь Пластун: Қазақстан чемпионаты Болгария біріншілігінен мықты

– Чемпионаттың жарты маусымы өтті. Қандай командаларды немесе ойыншыларды атап өтер едіңіз?

– Мен жеке тұлғаларға тоқталуды ұнатпаймын. Командалар туралы айтатын болсам, «Ақтөбе», «Тобыл», «Елімай», «Астана» және «Қайрат». Оларға қарсы ойнау қиын, өйткені бұл Қазақстанның үздік командалары. Олардың жақсы қаржылары бар, сапалы футболшыларды шақырады. Чемпионат тең, ал бұл бәсекелестік футболшыларға ұнайды, себебі кім жеңетінін ешқашан білмейсің. Қазір шамамен бес команда чемпион болуға амбициялары бар, сонысымен ел біріншілігі қызықтырады.

– Шымкент жайлы айтып өтсеңіз? Мұнда өмір сүру сізге ұнайды ма?

– Әрине, маған бәрі ұнайды. Футболшы болғандықтан, мен отбасылы азаматпын, әке және күйеумін. Мен үшін отбасы бірінші орында. Отбасым жақсы болса, жаттығуларға бару және бар күшімді салу оңайырақ түседі. Балаларым қуанышты, бақытты, мұнда отбасыма арналған барлық инфрақұрылым бар, сондықтан ешқандай проблемалар жоқ.