logo

«Ордабасы» Люксембург чемпионымен ойнайды

«Ордабасы» Люксембург чемпионымен ойнайды

Шымкенттік «Ордабасы» Молдова чемпионы «Петрокубтан» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан ұшып кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Енді шымкенттіктер Конференциялар лигасының екінші раундына аттанады, онда оларды Люксембургтің «Дифферданжы» күтуде.

Люксембург өкілдері екі матчтың қорытындысы бойынша «Клаксвикке» (Фарер аралдары) ұтылды.

Алғашқы матч 24 шілдеде Люксембургте, ал қарымта кездесу 1 тамызда Шымкентте өтеді.



Күн шежіресі