logo

Александр Седнев: Бізде шабуылда ойын жүрмеді

Александр Седнев: Бізде шабуылда ойын жүрмеді

«Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев молдовалық «Петрокубқа» қарсы команданың жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Бізде шабуылда ойын жүрмеді, дегенмен футболшыларымыз алаңда бар күшін салды. Бірақ осындай қателіктер жібергенде, бұл турнирде нәтижеге жету қиын, әсіресе командалар шамамен бірдей деңгейде болғанда. Сондықтан кез келген қателік тағдырлы болуы мүмкін. Бірінші таймда мүмкіндігіміз болды, жақсы бастадық, сәттер болды, бірақ нәтижесінде біздің қақпамызға алғашқы шабуылдан доп кірді. Содан кейін, екінші таймда, біз матчты құтқаруға тырысып, авантюралық әрекеттерге көштік. Өкінішке орай, біздің жоспарымыз іске аспады».

Шымкенттік «Ордабасы» молдовалық «Петрокубқа» 1:0 есебімен жеңіліп, УЕФА Чемпиондар лигасында жорығын аяқтады.



Күн шежіресі