Андрей Карпович: Басты мақсатымыз – әр ойында жеңіске жету
«Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан Кубогының ширек финалында петропавлдық «Қызылжармен» (1:0) өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Кубокта одан әрі өткенімізге қуаныштымыз. Біз бұрын айтқандай, әр ойынды жеңу – біздің міндетіміз. Оны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымыз. Жақсы мотивацияланған, біздің алаңға жылдам бейімделген қарсыласқа алғыс айту керек. Мүмкін бірінші таймда басымдық олардың пайдасында болған шығар, бірақ ойынның екінші жартысында біз едәуір қосылдық. Иә, бәрі сәтті болмады, бірақ соңында сондай әдемі гол соғып, текке емес екенімізді көрсеттік. Бұл жігіттердің еңбегінің арқасы. Сондықтан осы жеңіс біз үшін тәтті. Жанкүйерлер соңында біраз тараңдап кетті, бәлкім, Кубоктың форматын білмейді. Гол соғып, жанкүйерлерге осы эмоцияларды сыйлағанымыз маңызды. Үлкен рахмет, «Ордабасымен» болған ойын кезіндегі атмосфераны сезінгеніміз үшін, ал бүгін одан да керемет болды. Шамдармен ойнау бөлек атмосфера. Жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлағанымыз бізді қуантады. Ойын бойынша айтсам, біз жеңіске жақын болдық. Бірінші голды соғып, екіншісін де соға алар едік. Қарсылас ойынының сапасын да атап өту керек», — деді Карпович.
Енді «Елімай» жарыстың жартылай финалында «Ордабасымен» кездесетін болады.