«Елімай» Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды
Семейлік «Елімай» Olimpbet Қазақстан Кубогының ¼ финалында петропавлдық «Қызылжарды» минималды есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесудің тағдырын ойынның 88-минутында Никита Корзунның жалғыз голы шешті.
Жарыстың келесі кезеңінде «Елімай» «Ақтөбемен» кездеседі. Жартылай финал ойындары екі кездесуден тұрып, 29 мамыр және 19 маусымда өтеді.