Шымкенттің әкімі «Ордабасы» ойыншыларымен кездесіп, Седневке үндеу жасады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седневтің жұмысын бағалады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Казақстан кубогының ширек финалында «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» қосымша уақытта 1:2 есебімен жеңілді.
«Шымкенттің әкімі ойыннан кейін дереу «Ордабасының» киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, команда ойыншылары мен бапкерлер штабына алғыс айтты. Ол команданы жаңа биіктерге ұмтылуына шақырып, коллективке сенім білдірді. Ал бүгінгі жеңілісті ол қысқа ғана былай сипаттады: «Бұл спорт, бұндай кезде ештеңе істей алмайсың».