logo

Қазақстан Кубогының соңғы қатысушысы белгілі болды

Қазақстан Кубогының соңғы қатысушысы белгілі болды

Olimpbet Қазақстан Кубогының жартылай финалының соңғы қатысушысы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

¼ финалдың соңғы кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» «Ақтөбені» қабылдады. Драмаға толы ойында, алдымен қосымша таймда Евгений Макаренко есеп ашса, бұл голға қонақтар сапында Дорни Ромеро жауап қайтарды. «Ақтөбені» келесі кезеңге қосалқы құрамнан алаңға қосылған Жан Жайро шығарды. Қорытынды есеп 1:2.

Бұл ойын допингке қатысты екі жылға ойыннан шеттетілген жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің алаңға қайта оралып, қызыл қағаз алып ойыннан уақытынан бұрын кетуімен есте қалды. 

Жарыстың жартылай финалында «Ақтөбе» өз алаңында «Қызылжарды» жеңген семейлік «Елімаймен» кездеседі. Жартылай финал ойындары екі кездесуден тұрып, 29 мамыр және 19 маусымда өтеді.