Әлібек Қасым «Атырауға» қарсы ойын туралы: 1:1 есебі – әділ, себебі біздер көп сәттерде қосқан жоқпыз
«Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Әлібек Қасым Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында «Атырауға» (1:1) қарсы тең ойын туралы пікір білдірді.
- Ойын қиын болатынын күттік, бірақ өзіміздің гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Есеп тең аяқталды, сол себепті кінәлі тек өзіміз. Әрине, үш ұпай алғымыз келді. 1:1 есебі – әділ есеп, себебі біздер көп сәттерде қосқан жоқпыз. Темпты көтеріп, агрессия жағынан қосуымыз керек еді. «13 секторға» ойыннан неге жақындамадым? Бұл жерде ешқандай жаман ой жоқ. Өз алаңымыздағы бірінші ойында алаңға шықпағаным үшін шамалы көңілім түсіп кетті, сол себепті «зига-зага» кезінде фанаттар секторына жақындаған жоқпын. Бірақ менде басқа жаман ой жоқ, мен ешқайда кетейіндепте жатқан жоқпын, - деді Қасым.
Olimpbet QFL Премьер-лигасының 4-ші тур аясында «Ақтөбе» «Атырау» командасын өз алаңында қабылдап, ойынды 1:1 есебімен аяқталды. Есепті алаң иелері ашты – қорғаушы Әділхан Таңжарықов баспен соққы жасап, «Атырау» қақпашысын қапы қалдырды. Аталмыш голға «мұнайшылардың» шабуылшысы Николай Сигневич жауап қайтарды.