logo

Футбол агенті Траян Гергишан: Айымбетов француз клубына ауысуы мүмкін еді, бірақ «Адана Демирспор» нақты ұсыныс жасады

Футбол агенті Траян Гергишан: Айымбетов француз клубына ауысуы мүмкін еді, бірақ «Адана Демирспор» нақты ұсыныс жасады

Румындық агент Траян Гергишан қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетовтың түрік «Адана Демирспорға» кілісімшартқа отыруын жүзеге асыра, қыстың басты трансферлерінің бірін ұйымдастырды. Футбол функционері Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында трансфердің егжей-тегжейімен бөлісті және Айымбетовке іздеген басқа командалар туралы айтты.  

- Траян, Абат Аймбетовтің «Адана Демирспорға» трансфері осы қыста Қазақстан үшін үлкен оқиға болды. Бұл ауысуды ұйымдастыру қаншалықты қиын болды?

- Егер сіз осылай ойласаңыз, мен бұл трансферді ұйымдастырушы ретінде бақыттымын. Мен үшін бұл таңқаларлық емес еді, өйткені мен Абатты бұрыннан білемін, оның деңгейін білемін. Мен бұл ауысу жүзеге асытынына сенімді болдым. «Адана Демирспор» басшылығымен бірнеше рет келіссөздер мен кездесулер болды. Нәтижесінде бәрі сәтті аяқталды.   

- Абатта тағы қандай ұсыныстар болды? Ол Румыния чемпионатына ауысуы мүмкін деген рас па?

- Соңғы екі-үш айда көптеген келіссөздер болды. Біз Румыния, Франция, Бельгия, Испания және Түркия клубтарымен сөйлестік. Егер «Стяуа» командасының итальяндық шабуылшысы Андрея Компаньо кеткен жағдайда, Абат румын клубына ауыса алар еді, бірақ итальяндық кетпеді. Француздық «Мец» клубымен келіссөздер болды, бірақ «Адана Демирспор» жылдам қимылдап, нақты ұсынды жасады.

- «Адана Демирспорда» Айымбетовтың рөлі қандай болады? Оның команда көшбасшысына айналу мүмкіндігі бар ма?

- Ол команда үшін маңызды ойыншы болады және легионер болып саналмайды. Түрік чемпионатының ережесі бойынша әр клуб Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан немесе Тәжікстаннан бір ойыншыны тіркей алады. Бірақ «Адана Демирспор» Абатты осы ережеге сәйкес ғана алған жоқ. Ең алдымен, Абат – жақсы футболшы. Екіншіден, түрік клубында ол Қазақстаннан тыс жерде ойнауға ұмтылғаны туралы біледі. Клуб оның мінезін және шетелдік чемпионатта өзін көрсетуге деген ұмтылысын жоғары бағалады. Бұл дегеніміз, Аймбетов футболшы ретінде өскісі келеді. Оның ұмтылысы, тәжірибесі мен жасы «Адана Демирспор» сияқты клубқа сәйкес келеді. Бірінші ойында ол өзінің алғашқы голын соқты, бірақ оны VAR санамай қойды. Өкінішті, әрине, бірақ менің ойымша, оның голдары алда және ол Түркия чемпионатында өзін ашып көрсете алады. Оның ауысуы Қазақстан құрамасы үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.