Агент Траян Гергишан Айымбетовтың «Адана Демирспордағы» жағдайы туралы айтты
Румын агенті Траян Гергишан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Богдан Вэтэжелудің «Ақтөбедегі» бейімделуі туралы айтып, Абат Айымбетовтің түркиялық «Адана Демирспордан» кетуі туралы ақпаратты ашты.
- Траян, сіздің клиентіңіз Богдан Вэтэжелу Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушыларының бірі болып табылады. Сіз үшін бұл күткен нәтиже ме?
- Иә, әрине, Богдан әрқашан трофейлер үшін таласатын үлкен клубтарда ойнайды. Ол үлкен қысымға бейімделген ойыншы. Оның «Ақтөбеде» табысты болу үшін қажетті тәжірибесі бар. Иә, Қазақстанға алғаш келген әрбір ойыншыға бейімделу үшін біраз уақыт қажет екені рас, бірақ Богдан бұл кезеңнен жылдам өтті. Ол «Ақтөбеде» өзін бақытты сезінеді.
- Абат Айымбетов «Адана Демирспордағы» жағдайына қандай баға бере аласыз?
- Абат төрт айда «Адана Демирспорда» бірнеше матч өткізді. Марио Балотеллимен бір позицияда бәсекелес болу оңай емес. Егер Абаттың «Адана Демирспор» сапындағы бірінші ойындағы голы есепке алынғанда, әрине, оның бейімделуі әлдеқайда жылдам өтер еді. Енді Абат түрік Суперлигасының не екенін түсінеді, ол гол соғуды бастады, себебі осындай мүмкіндіктер пайда бола бастады. Сәттілік жолдас болса, ол көп гол соғуы мүмкін. Бірақ мен Абаттың аталмыш мақсаттарға қол жеткізілетініне сенемін. Абаттың жетістікке жетуге деген құштарлығы жоғары.
- БАҚ-да Айымбетовты Қазақстан чемпионатына оралу тақырыбы белсенді талқылануда. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
- Абаттың «Адана Демирспормен» келісімшарты бар. Қазіргі уақытта ол сонда. Жаз мезгілі ұзақ. Қазір жағдай өзгерді, себебі ол өз клубымен толықтай маусым алдындағы дайындықты өткізеді және чемпионаттың басталуына дайын болады. Бұл жағдай Абатты ынталандырады және ол бас назарын осы мақсатты орындауға аударады.
Траян Гергишан қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтың түрік «Адана Демирспор» клубына ауысуын жүзеге асырып, қыстың басты трансферлерінің бірін іске асырды. Бұл туралы Гергишан біздің сайтқа ертеректе сұхбат берген болатын.