logo

Сидаков тағы да чемпион бола ма? Күрестен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің екінші күнінің тікелей эфирі

Сидаков тағы да чемпион бола ма? Күрестен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің екінші күнінің тікелей эфирі

9 сәуір күні Словакияда еркін күрестен тағы бес салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынады.

61 келі салмақтағы финалда Арсен Арутюнян (Армения) мен Завур Угуев (Ресей) кездеседі. Қола медаль үшін Андрий Джелеп (Украина) пен Дмитрий Шамела (Беларусь) белдеседі. Ал Зелимхан Абакаровтың (Албания) қарсыласы Илиев (Болгария) мен Колесник (Молдова) арасындағы кездесуден кейін анықталады.

74 келі салмақтағы финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы Заурбек Сидаков (Ресей) мен Чермен Валиев (Албания) күш сынасады. Қола үшін Рамазан Рамазанов (Болгария) пен Агханазар Новрузов (Әзербайжан) күреседі. Венгриялық Мурад Курамагомедовтың қарсыласы Шапиев (Македония) пен Салказанов (Словакия) жекпе-жегінен кейін белгілі болады.

86 келі салмақта алтын үшін Магомед Рамазанов (Болгария) мен Махамдхабиб Каджимагомедов (Беларусь) күреседі.

92 келі салмақта финалда Осман Нурмагомедов (Әзербайжан) пен Грекия атынан өнер көрсететін Даурен Қуруглиев кездеседі.

125 келі аса ауыр салмақтағы финалда Гоирги Мешвилдишвили (Әзербайжан) мен Соломон Манашвили (Грузия) белдеседі.

Тікелей эфир 21:00-де басталады. Көрсетілімді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube арнамыздан көруге болады.



Күн шежіресі