Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының алғашқы күні аяқталды (видео)

Қарағандыда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен Қазақстан чемпионаты жалғасуда. 6 сәуір күні еркін күрес балуандары жүлделер үшін боз кілемге шықты, деп хабарлайды Sport+.
Жарыс аясында бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды. 57 келіге дейінгі салмақта Шымкент атынан сынға түскен Жохангир Ахмаджанов алтын жүлдегер атанды.
65 келі салмақта Қызылорда облысының балуаны Рүстем Төлен чемпион атанды.
74 келіде Атырау өңірінің өкілі Нұрдәулет Сейілбеков топ жарды.
86 келіде Түркістаннан Елнар Шілдебай алтын медаль еншіледі.
Күннің ең ауыр салмақ дәрежесінде — 125 келіде — бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының балуаны Нұрдәулет Бекенов жеңіп алды.