logo

Асхат Балтабеков: Акис Вавалис вертикалды футболды жақсы көреді

Асхат Балтабеков: Акис Вавалис вертикалды футболды жақсы көреді

Sport+ телеарнасының Pluste Bol жобасының кезекті қонағы «Жеңіс» командасының қорғаушысы Асхат Балтабеков атанды.

Асхат елордалық команданың грекиялық бапкері Акис Вавалис қандай футболды талап ететіні туралы айтып берді. 

«Вавалистің басты принципі — артта 0 болу керек, яғни қорғанысқа көп көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қарымта шабуылдарға үміт артамыз. Негізі ол вертикалды футболды жақсы көреді. Қайрат Нұрдәулетовтың футболымен ұқсастық? Иә, ұқсастық көп. Бірақ Вавалистің „Жеңісі“ Нұрдәулетовтың "Жетісуінен" айырмашылығы бар: менің жаңа командам қорғаныста өзгеше ойнайды», — деді Балтабеков. 

Pluste Bol бағдарламасының толық шығарлымын төмендегі плеерде көре аласыздар. 



Күн шежіресі