logo

Аида Әбікеева мен Наталья Богданова ақтық сында

Аида Әбікеева мен Наталья Богданова ақтық сында

Чианг Мэйде (Таиланд) бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жартылай финал жалғасуда, деп хабарлайды Sport+

63 келіде Аида Әбікеева бүгінгі жекпе жекте Таиланд өкілін 4:1 есебімен жеңді. Ақтық сын - 10 желтоқсан Ха ти Линмен (Вьетнам). Сонымен қатар, 70 келіде Наталья Богданова украиналық боксшыдан 5:0 есебімен басым түсті. Финалда Богданова Байсон Маникомен (Таиланд) күш байқасады.

Өкінішке қарай, Милана Сафронова (66 келі) Өзбекстан өкіліне, Диана Мағауияева (75 келі) Қытай спортшысына есе жіберді. Осылайша, аталған боксшылар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.



Күн шежіресі