logo

«Адмирал» қайтадан Антон Сагадеевтен бас тартты

«Адмирал» қайтадан Антон Сагадеевтен бас тартты

«Адмирал» қазақстандық хоккей түлегі Антон Сагадеевті қайтадан бас тарту тізіміне енгізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Егер 48 сағат ішінде КХЛ-дың ешбір клубы шабуылшыға өтінім жасамаса, 3 қазанда ол ВХЛ-да ойнайтын серіктес клуб «Динамо-Алтайға» жіберіледі.

Теміртау тумасы Антон Сагадеев өткен жылы Қазақстан азаматтығынан бас тартқан болатын. КХЛ-дың тұрақты чемпионатында ол «Адмирал» үшін тек бір ойын өткізді, ал бұл командаға ол ХК «Сочи»-ден ауысқан еді. Сагадеев мансабының едәуір бөлігін «Барыс» және Қазақстан құрамасы сапында өткізген.