logo

Адиев Ресей чемпионатында сенсация жасады

Адиев Ресей чемпионатында сенсация жасады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтыратын грозныйлық «Ахмат» Ресей чемпионатының көшбасшысы «Краснодар» командасын 1:0 есебімен жеңіп, турдың басты сенсациясын тудырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осы жеңістің арқасында «Ахмат» 32 ұпай жинап, РПЛ турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді болды. Грозный командасы чемпионаттан ұшу аймағынан бес ұпайға алшақтады.