Әділет Барменқұлов Адиевтің Қазақстан құрамасындағы болашағы туралы айтты
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің еліміздің басты командасындағы болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- «Ахматтың» басшылығы маған Магомед Адиевпен жұмыс істеуге қатысты жүгінгені құпия емес. 1 маусымға дейін созылатын жеке демалыс кезеңінде Магомед Мусаевич қалаған жерінде жұмыс істей алады. Ол демалыс кезінде туған клубына көмектесуге шешім қабылдады, мен бұл шешімді қолдадым. 1 маусымнан бастап команданың бас бапкері келісімшартқа сәйкес өз жұмысына оралады. Қос жұмысты алып жүру мәселесіне келетін болсақ, біз осы нұсқаларды қарастырамыз. Талдау жүргізіп, егер бұл ұлттық құрамаға зиян тигізетін болса, басқа шешімдер іздейміз, - деді Барменқұлов.
УЕФА Ұлттар Лигасының жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қарсыластары Австрия, Норвегия және Словения командалары атанды. Жарыстың алғашқы матчтары 2024 жылдың қазан айында өтеді. 5 сәуірден бастап Магомед Адиев «Ахматты» басқарды және қазіргі уақытта екі лауазымда жұмыс жасауда.