logo

Абу Дабиде бүгін белдескен қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді

Абу Дабиде бүгін белдескен қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді

Абу Дабиде басталған Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан құрамасының 5 дзюдошысы жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ерлер арасында 73 келіде сынға түскен Дархан Қойбағар сербиялық Байсангур Баджаевтан ұтылды. Бұл салмақтағы тағы бір балуанымыз Ермек Аманкелді алғашқы белдесуін жеңіспен бастағанымен, екінші айналымда жапон дзюдошысынан айласын асыра алмады.

81 келіде Жалғас Қойбағар ресейлік Абдул-Керим Тасуевтан айласын асыра алмады. Осы салмақта белдескен маңғыстаулық Руслан Мұсаев Италия дзюдошысы Винчензо Пеллинграға жол берді.

Ал әйелдер арасында 63 келіде өнер көрсеткен Есмигүл Құйылова бірінші белдесуінде Италия спортшысынан ұтылып қалды.

Кеше турнирде өнер көрсеткен Абиба Әбужақынова (48 кг) мен Дәурен Сүйеукенов (60 кг) қола жүлде ие болды.