logo

Қазақстанда әйелдер күресін дамытуда кедергілер бар: Дәулет Тұрлыханов

Қазақстанда әйелдер күресін дамытуда кедергілер бар: Дәулет Тұрлыханов

Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов еліміздегі әйелдер күресінің қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Федерация президентінің айтуынша, елімізде бүгінде әйелдер күресінің дамуында үлкен мәселелер бар.

- Әйелдер күресі Халқаралық олимпиада комитеті тарапынан олимпиада ойындарына кірген спорт түрі. Барлық ел әйелдер күресін дамытып отыр. Ал бізде жергілікті жерлерде қыздар күресінің дамуына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатқан жағдай бар. Оны мемлекеттік бас жаттықтырушы біледі. Енді облыстық спорт басқармаларымен жұмыс істеп, осы мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Осы олимпиадалық спорт түрін біз дамытуымыз керек, - деді ол.