logo

Нұрқожа Қайпанов Албаниядағы әлем чемпионатында бақ сынайды

Нұрқожа Қайпанов Албаниядағы әлем чемпионатында бақ сынайды

Париж олимпиадасына жолдама алу үшін 74 келі салмаққа көтерілген Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қайпанов мансабындағы ең үлкен жетістіктеріне тап осы 70 келі салмақта жеткен. Бұл салмақта ол екі дүркін Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген.

Париж олимпиадасына жолдама беретін үш іріктеу турнирінде де сүрінген Нұрқожа әуелгі салмағына ауысуды жөн көрген. 



Күн шежіресі