logo

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер барады?

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер барады?

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 2-6 қазан күндері өтетін дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дүниежүзілік додаға әлемнің 68 елінен 541 жас балуан келеді деп жоспарланып отыр. Бұл сында еліміздің атынан 19 дзюдошы қатысады.

Олардың қатарында ұлдарда Талғат Орынбасар мен Алдияр Қарғұлов (60 келі), Ақылжан Жұбатқанов пен Мағжан Әлжанов (66 келі), Әділет Алмат (73 келі), Азат Күмісбай мен Досбол Балғабай (81 келі), Асқар Біржанов (90 келі) пен Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) бар. Ал, Шерхан Алпанов аралас-командалық жарыста күреседі.

Сондай-ақ қыздарда Сабина Юлдашбекова, Тасним Әбдуали (48 келі), Аяулым Қайрат пен Аружан Ережепова (52 келі), Дана Абдирова (57 келі), Көркем Орымбек (63 келі), Ажар Асқат пен Диана Телбаева (70 келі) мен Руслана Махатова (78 келі) татами төрінде тайталасқа түседі.