logo

Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы жаттығуын бастады

Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы жаттығуын бастады

Дзюдодан әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу сәтінен бейнежазба жариялады. Ол Медеу маңайында физикалық жаттығу сәтін көрсеткен.

Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкері қазан айында Абу-Дабиде өтетін Гранд Слэм бәсекесінде Әбужақынованың күресетінін айтқан еді. Спортшының өзі болса Олимпиада аяқталғаннан кейін екі апта өткен соң жаттығуға кірісетінін мәлімдеген.

Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Франция астанасында өткен төртжылдықтың басты ойындарында жүлдеге таласып, есе жіберді. Парижде ширек финалда ұтылған отандасымыз жұбаныш белдесуінде Парагвай спортшысын ұтқанымен, қола жүлде үшін күресте Швеция өкілінен айласын асыра алмады.

Көз жасына ерік берген отандасымыз кейін жанкүйерлер сүйіспеншілігіне бөленді. Оған демеушілер тарапынан бірнеше көлік тарту етілді. Оның бірін Атырау облысының меценаттары сыйласа, тағы бірін Мәжіліс депутаты Астанада табыстады. Ал «Жеңіс» дзюдо клубының негізігін қалаушы Алмаз Әлсенов Абибаға BMW Х3 жол талғамайтын көлігін мінгізді.



Күн шежіресі